Данияр Елеусінов АҚШ-тағы айқаста жеңіске жетті

0
1 003

Данияр Елеусінов Американың Оксон Хилл қаласында жекпе жек өткізді.


Данияр Елеусінов АҚШ-тағы айқаста жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Данияр Елеусінов АҚШ-тағы айқаста жеңіске жетті, деп хабарлайды ktk.kz.

Спортшы чилилік Луис Норамбуэнамен айқасты. Данияр Елеусінов жекпе-жек бастала салысымен қарсыласын жойқын соққыларымен күтіп алды.

Луис Норамбуэна да осал еместігін көрсетіп, қарсылық танытып бақты. Жылдым қимылымен көзге түсті. Даниярға әлсін-әлсін соққыларын жіберіп жатты. Ол MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде чилилік Луисом Норамбуэнмен (3-1-1, 0 КО) айқасты.

Жартылай орта салмақта болған бұл жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен Елеусіновтің пайдасына шешілді. Сонымен Данияр кәсіби бокста жетінші рет мерейі үстем болды.

Айта кетер жайт, ол әзірге жеңілмеген. Ал Норамбуэн өз спорттық жолында екінші рет сүрініп отыр.