Данияр Елеусінов әлемдегі үздік 10 боксшының қатарында

0
750

Жерлесіміз жуырда ғана намибиялық Джулиус Индонгоны жеңіп, осы ұйымның аралық чемпиондық белдігін иемденген еді.


Данияр Елеусінов әлемдегі үздік 10 боксшының қатарында

ERNUR.KZ. Халықаралық бокс федерациясы осындай шешім шығарды, деп жазады 24.kz.

Жерлесіміз жуырда ғана намибиялық Джулиус Индонгоны жеңіп, осы ұйымның аралық чемпиондық белдігін иемденген еді. Соның арқасында қазақстандық боксшы жаңартылған тізімде 9-шы орынға орналасты.

Даниярдың өзі кез келген қарсыласпен жолығып, әлем чемпионы атағына таласуға дайын. Бұл жөнінде әріптестерімізге берген сұхбатында мәлімдеді.

Ол күні кеше елордаға оралған болатын. Осы орайда Asianboxing.info сайты қазақстандық боксшы 2021 жылы кездесуі мүмкін былғары қолғап шеберлерінің тізімін жариялады.

Ол жерде Сергей Липинец, Давид Аванесян, Кастио Клейтон, Йорденис Угас және Шон Портер сияқты орта салмақ мықтылар бар.