Данияр Елеусінов екі титул үшін жұдырықтасатын болды

0
653

Кәсіпқой бокс кеші 18 желтоқсанға жоспарланған.


Данияр Елеусінов екі титул үшін жұдырықтасатын болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшылар Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен Иван Дычконың (10-0, 10 КО) менеджері Зия Алиев промоутерлік лицензия иеленіп, Нұр-Сұлтандағы бокс кешін өткізе алатын болды, деп жазады Vesti.kz.

Кәсіпқой бокс кеші 18 желтоқсанға жоспарланған, бұл шоуда Данияр екі титул үшін жұдырықтасады.

"Бұл промоутерлік лицензия. Оны Нұр-Сұлтанда үлкен шоу жасау үшін алдым. Тағы не керек? Әкімдік рұқсат берді, бокс федерациясы санкция шығарады. Болды. Жақсы кард жинап, бокс кешін Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнамақпыз", - деп жазыпты Алиев әлеуметтік желіде.