Данияр Елеусінов туралы фильм жарық көрді

0
688

Фильмде Елеусіновтің кәсіби мансабын бастаған кезі, одан кейінгі дамуы және жекпе-жектің сыртындағы сәттер көрсетілген.


Данияр Елеусінов туралы фильм жарық көрді

ERNUR.KZ. Британдық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) туралы бейнесюжет жариялады, деп жазады Aikyn.kz.


Фильмде Елеусіновтің кәсіби мансабын бастаған кезі, одан кейінгі дамуы және жекпе-жектің сыртындағы сәттер көрсетілген.


Айта кетсек, Данияр коронавирус пандемиясына байланысты АҚШ-та карантин жарияланғандықтан, Бойнтон-Бичте (Флорида штаты) қалып қойды.

АҚШ-та COVID-19 жұқтырған 960 896 адам тіркелген (қайтыс болғандар – 54 265, жазылып шыққандар – 118 162). Елеусіновтің кәсіби мансабына келер болсақ, ол келесі жекпе-жегін бұрынғы әлем чемпионы, намибиялық боксшы Джулиус Индонгоға (23-2, 12 КО) қарсы өткізуі керек.


Matchroom Boxing компаниясын тағы бір қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұмыс істейді. Бұл компанияны Эдди Хирн басқарады.