Данияр Елеусінов жекпе-жек алдында Нью-Йоркте ашық жаттығу өткізді

0
713

Кездесу Madison Square Garden аренасының кіші залында болады.


Данияр Елеусінов жекпе-жек алдында Нью-Йоркте ашық жаттығу өткізді

ERNUR.KZ. Олимпияда чемпионы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) Нью-Йорктегі бокс кешінің өзге де қатысушыларымен бірге ашық жаттығу өткізді, деп жазады vesti.kz.

13 қыркүйек Madison Square Garden аренасының Hulu Theather залында Елеусінов 34 жастағы жеңілмеген америкалық боксшы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) жұдырықтасады. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген.

Елеусінов - Хикс кездесуі жеңіл салмақта WBC "уақытша" чемпионы титулын сарапқа салатын америклық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) жекпе-жегінің андеркартында өтеді. АҚШ-та өтетін бұл шоуды DAZN стриминг қызметі трансляциялайды.