Данияр Елеусіновке жаңа атақ берілді

0
543

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында боксшыға лента мен төсбелгі табыс етті.


Данияр Елеусіновке жаңа атақ берілді

ERNUR.KZ. Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы атанды, деп жазады vesti.kz.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында боксшыға лента мен төсбелгі табыс етті.

Данияр Елеусінов - Батыс Қазақстанның тумасы. 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы - Оралға жиі келетін қонақ. Оның Олимпиададағы жеңісіне орай Оқушылар сарайында Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы ашылған. Онда жүздеген батысқазақстандық спортшы шеберлігін шыңдайды.

Данияр Елеусіновке жаңа атақ берілді. Фото 1


"Данияр Елеусінов - өскелең ұрпақ үшін үлгі. Оны БҚО Құрметті азаматы атағымен құттықтап, жаңа жетістіктер тілеймін", - деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.

Данияр Елеусінов қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

"Өте қуаныштымын. Оралдағы чемпионат жақсы ұйымдастырылған, болашағынан үміт күттіретін жас боксшылар өте көп. Құрметті азамат атағы - жерлестерімнің маған көрсеткен құрметі. Оларға рақмет. Жақында тағы бір жекпе-жек өткіздім, 12 раундта жеңуге тура келді", - деді ол.

Еске салайық, жақында Нұр-Сұлтанда өткен жекпе-жекте Данияр аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны жеңіп, IBO бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанған еді.