Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні айтылды

0
577

Елеусінов өткен жылы төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.


Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні айтылды

ERNUR.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) тамыз айында әлемнің бұрынғы чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) кездесуі мүмкін. Бұл кездесу туралы боксшының менеджері айтты, деп жазады Тengrinews.kz.


"Шамамен жекпе-жек тамыздың соңында өтуі мүмкін. 15 тамыздан бастап АҚШ жерінде Matchroom Boxing компаниясы ұйымдастыратын шоулар басталады. Айдың соңында екінші жекпе-жек кеші болады. Солай жалғаса береді. Өйткені, көп боксшылар жоспардан қалып қойды. Енді жіберілген мүмкіндіктерді қайта қалыпқа келтіру керек", - деді Алиев.

29 жастағы Елеусінов өткен жылы төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын.