Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

0
2 912

Данияр Елеусіновтің қарсыласының аты әлі белгісіз.


Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

ERNUR.KZ. Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін сәуір айының ортасында өткізеді, деп жазады Stan.kz.

Бұған дейін Даниярдың промоутері Эдди Хирн қазақстандық боксшы сәуір айында Деметриус Андраде (29-0, 18 KO) — Лиам Уильямс (23-2-1, 18 KO) бокс кеші андеркардында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан.

Енді Matchroom Boxing басшысы алдағы шоу 17 сәуірде өтетінін нақтылады. Іс-шара АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Данияр Елеусінов қарсыласының аты әлі белгісіз. Хирннің айтуынша, олар ең жақсы қарсыласын табуға ниетті, тіпті ол үшін артық төлем жасау керек болса да.

27 қарашада өткен соңғы жекпе-жегінде Данияр әлемнің экс-чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 13 КО) екінші раундта нокаутқа жіберіп, жартылай орта санатта IBF Inter-Continental бос атағын жеңіп алды.