Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Алиев боксшының мәлімдемесіне жауап берді

0
619

Қазақстандық Олимпиада чемпионы карьерасын құрдымға кетірген адамды атаған болатын.


Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Алиев боксшының мәлімдемесіне жауап берді

ERNUR.KZ. Данияр Елеусіновтің (11-0, 6 КО) менеджері Зия Алиев боксшының мәлімдемесіне жауап берді, деп жазады vesti.kz.

Елеусінов кәсіпқойға өткелі онымен жұмыс істейтін Алиев Matchroom Boxing ұсынған келісімшартпен боксшы толық танысқанын айтты және ол құжатқа қол қою барып тұрған бассыздық болар еді деген ойда.

"Келісімшарт қолымызға тие салысымен оны заңгерлердің бәріне көрсеттік. Мұндай келісімшарттарға қол қоймайды. Бейшараға ұсынатын келісімшарт. Matchroom-да болсақ болғаны деп бұрышта күтіп отырғымыз келмеді. Нашар келісімшарт болғаннан кейін оған қол қойылмады. Ал шарттарды түзеуге Matchroom келіспеді", - дейді Алиев.