​Данияр Елеусіновтің жекпе-жекте жеңіске жетуіне сенім мол

0
1 255

Ол 21 қазан күні америкалық Мэтт Догертимен АҚШ-тың Бокстон қаласында жұдырықтасады.


​Данияр Елеусіновтің жекпе-жекте жеңіске жетуіне сенім мол

2016 жылы әуесқой бокстан Олимпиада чемпионы атанған Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстандық боксшы Астана уақытымен 21 қазан күні америкалық Мэтт Догертимен АҚШ-тың Бокстон қаласында жұдырықтасады. Айтулы бокс кешінің басты жекпе-жегінде жергілікті боксшы Деметриус Андраде мен намибиялық Уолтер Каутондоква орта салмақта WBO белбеуі үшін шаршы алаңға шығады.

Осы күнге дейін 27 жастағы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста үш кездесуінде жеңіске жеткен, оның біреуі нокаутпен аяқтаған болатын. Ал, 30 жастағы Догерти бұл жолы кәсіпқой рингке 15-ші рет шығады. Ол 8 рет жеңіске жетіп, 5 рет қарсыластарына есе жіберген. Бір жекпе-жегінде жеңімпаз боксшының аты анықталмай тең есеп тіркелген болатын. Сол үшін де кәсіпқой бокста қарқынды өнер көрсетіп келе жатқан Данияр Елеусіновтың қарсыласынан мүмкіндігі жоғары бағалануда.