Дәурен Елеусінов мексикалықты 10 секундта ұрып құлатты

0
1 749

Дәуреннің бұл Мексикада өткізген алғашқы жекпе-жегі болатын.


Дәурен Елеусінов мексикалықты 10 секундта ұрып құлатты

Фото: instagram.com/dauren_yeleussinov

ERNUR.KZ 32 жастағы қазақстандық кәсіби рингтегі тоғызыншы жекпе-жегін Мексикада, Тихуанда өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл боксышының Мексикада өткізген алғашқы кездесуі. Елеусінов барлық жекпе-жегін осыған дейін тек қана АҚШ-та өткізген. Гонгтың соғылғанына бірнеше секунд өткен соң, қазақстандық боксшы қарсыласын рингтің төсеміне жіберді. Мексикалық боксшы аяғына тұра алды, бірақ төреші оған жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеді.

Осылайша Дәурен Елеусінов кәсіби мансабында сегізінші женіске жетті. Ол қарсыластарын жеті рет нокаутпен жеңген. Ал 36 жастағы Урреа жиырма алтыншы рет жеңіліс тапты. Жиырма төрт кездесуінде ол мерзімінен бұрын жеңілді. Сонымен қатар, ол тоғыз рет жеңіске жетіп, оның төртеуінде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанған.

Дәурен Елеусінов кәсіби боксқа 2014 жылдың желтоқсан айында келген. 2016 жылдың маусымы мен 2018 жылдың сәуіріне дейін ол үзіліс алған еді. Рингке Елеусінов өткен жылдың мамырында қайтып келіп, нокаутпен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Дәурен Елеусінов олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың ағасы. Данияр Елеусінов кәсіби рингте бес рет кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен.