Денис Евсеев Президент кубогі турнирінің жеңімпазы атанды

0
1 942

Денис бірінші сетте қарсыласын 7:5 есебімен жеңіп, басымдықты қолына алды.


Денис Евсеев Президент кубогі турнирінің жеңімпазы атанды

ERNUR.KZ Ол Астанада өткен финалда әлемдік рейтингіде 570-орында тұрған өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен шеберлік байқасты, деп жазады inbusiness.kz

Денис бірінші сетте қарсыласын 7:5 есебімен жеңіп, басымдықты қолына алды. Екінші сетте өзбекстандық спортшы есе қайырды – 6:2.


Үшінші сет Денистің пайдасына – 6:4.

2 сағат 23 минутқа созылған ойында Денис 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.