Деревянченко Головкинмен жекпе-жегі үшін рекорд гонорар алады - инсайдер

0
643

Бұған дейін Деревянченконың ең ірі гонорары 500 мың доллар болған.


Деревянченко Головкинмен жекпе-жегі үшін рекорд гонорар алады - инсайдер

ERNUR.KZ. Орта салмақтағы IBF титулына үміткер украиналық Сергей Деревянченко қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жегі үшін рекорд гонорар алады. Бұл туралы The Athletic журналисі мен инсайдер Лэнс Пагмайер мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Деревянченко бастапқыда мексикалық Сауль Альвареспен келіссөздер жүргізген. Алайда екі тарап межеленген уақытқа дейін келісіп үлгермеді, осылайшы Альварес IBF титулынан айырылып қалды.

Сыбыстарға сенсек, Деревянченко жекпе-жектен жеті миллион доллар көруге ниет білдірген, ал Канело тарапы екі милионға аз гонорар ұсынған. Қаржылық келіспеушіліктер келіссөздің бұзылуына себеп болды деп хабарланған.

Ал Альварестің айтуынша, промоутерлері оған келіссөз жайлы егжей-тегжей ақпарат бермеген.

Енді IBF атағы бос тұрған соң, Деревянченко рейтингтегі келесі боксшымен кездесуі тиіс, ол - Головкин. Боксшылар командасы қазанда болатын жекпе-жекке байланысты DAZN-да келіссөздер жүргізіп жатыр.

Пагмайердің ақпараты бойынша, бұл жекпе-жек үшін украиналық боксшы 5,5 миллион доллар рекорд табыс табады. Бұған дейін Деревянченконың ең ірі гонорары 500 мың доллар болған.

Айта кетейік, Головкин 2015 жылдың қазанынан 2018 жылдың маусымына дейін IBF титулының иегері болған. Бірақ ол Деревянченкомен жекпе-жектен бас тартқаннан кейін ұйым оны тартып алды. Нәтижесінде қазан айында украиналық боксшы америкалық Дэниэл Джейкобстан жеңіліс тапты. Мамырда IBF белбеуі басқа спортшыға өтті: Джейкобс Альварестен жеңіліп қалды.