​Дидье Дешам Франция құрама командасының тізімін жариялады

0
1 914

Франция құрама командасының бапкерлер штабы қосқалқы құрамнан орын алған 11 футболшыланың тізімін де жариялап отыр. Олар негізгі құрамның футболшылары жарақат алатын болса, әріптестерінің орнын иеленетін болады.


​Дидье Дешам Франция құрама командасының тізімін жариялады


ERNUR.KZ. Франция құрама командасының бас бапкері Дидье Дешам Әлем чемпионатына жол алатын ойыншылардың тізімін жариялады деп хабарлайды ERNUR.KZ Франция футбол федерациясына сілтеме жасап.


Қақпашылар: Альфонс Ареоля (ПСЖ), Уго Льорис ("Тоттенхэм", Англия), Стив Манданда ("Марсель");

Қорғаушылар: Лукас Эрнандес ("Атлетико", Испания), Пренсель Кимпембе (ПСЖ), Бенжамен Менди ("Манчестер Сити", Англия), Бенжамен Павар ("Штутгарт", Германия), Адиль Рами ("Марсель"), Жибриль Сидибе ("Монако"), Самюэль Умтити ("Барселона", Испания), Рафаэль Варан ("Реал", Испания);

Жартылай қорғаушылар: Нголо Канте ("Челси", Англия), Блез Матюиди ("Ювентус", Италия), Стивен Н`Зонзи ("Севилья", Испания), Поль Погба ("Манчестер Юнайтед", Англия), Корентен Толиссо ("Бавария", Германия);

Шабуылшылар: Усман Дембеле ("Барселона", Испания), Набиль Фекир ("Лион", Франция), Оливье Жиру ("Арсенал", Англия), Антуан Гризманн ("Атлетико", Испания), Тома Лемар ("Монако"), Килиан Мбаппе (ПСЖ), Флорьян Товен ("Марсель").

Сондай ақ, Франция құрама командасының бапкерлер штабы қосқалқы құрамнан орын алған 11 футболшыланың тізімін де жариялап отыр. Олар негізгі құрамның футболшылары жарақат алатын болса, әріптестерінің орнын иеленетін болады.

Қақпашы: Бенуа Костиль ("Бордо"), Қорғаушылар: Матье Дебюши ("Сент-Этьен"), Люка Динь ("Барселона", Испания), Мамаду Сахо ("Кристал Пэлас", Англия), Курт Зума ("Сток Сити", Англия), Жартылай қорғаушылар: Кингсли Коман ("Бавария", Германия), Адриан Рабьо (ПСЖ), Мусса Сиссоко ("Тоттенхэм", Англия), Шабуылшылар: Виссам Бен Йеддер ("Севилья", Испания), Александр Ляказетт ("Арсенал", Англия), Антони Марсьяль ("Манчестер Юнайтед", Англия).

Естеріңізге сала кетсек, Әлем чемпионатына жолдама алатын футболшылардың тізімі 4 маусымға дейін ФИФАға жіберілуі керек.