Дияс Мадридтегі турнирде Олимпиада чемпионымен ойнайды

0
936

Дияс соңғы рет Рабатта итальялық Сара Эрранимен (0:2) ойнаған болатын. Пуиг Монтеррейде өткен соңғы кездесуде венгр спортшысы Тимеа Бабоштан екі сетте де жеңіліп қалған еді.


Дияс Мадридтегі турнирде Олимпиада чемпионымен ойнайды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс сыйлық қоры 7,5 млн еуро болатын Мадридтегі Premier дәрежесіндегі турнирде пуэрторикалық Моника Пуигке қарсы ойнайды, деп хабарлайды, ERNUR.KZ. «SPORTINFORM» САА сайтына сілтеме жасап.

Дияс соңғы рет Рабатта итальялық Сара Эрранимен (0:2) ойнаған болатын. Пуиг Монтеррейде өткен соңғы кездесуде венгр спортшысы Тимеа Бабоштан екі сетте де жеңіліп қалған еді. Моника Пуиг Риодағы Олимпиадада жұртты шулатып, жеке разрядта алтын медальді иеленген. Дияс - Пуиг матчы ертең, 6 мамырда өтеді. Басталуы - Астана уақытымен 14:00-де.