Дмитрий Попко Түркияда өткен турнирдің чемпионы атанды

0
868

Дмитрий Попкода барлығы 27 чемпиондық титул бар: жекелей сында 21, жұптық сында 6.


Дмитрий Попко Түркияда өткен турнирдің чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Түркияның Анталия қаласында ITF M15 сериясы бойынша турнир аяқталды. Жекелей сында қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (504 ATP) жеңіске жетті. Бұл ойыншының биылғы маусымдағы екінші титулы болды, деп жазады zakon.kz.

Финалдық кездесуде қазақстандық теннисші Өзбекстан өкілі Сергей Фоминмен (728 ATP) кездесті. Попко бірінші сетте 6:4 есебімен жеңгенімен, екіншісінде жеңіліп қалды – 3:6. Шешуші үшінші ойында Дмитрий 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Дмитрий Попкода барлығы 27 чемпиондық титул бар: жекелей сында 21, жұптық сында 6.