Дмитрий Попко Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

0
611

Дмитрий Попко бірінші сетте 6:4 есебімен басым түсті.


Дмитрий Попко Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші, әлемнің 458-ракеткасы Дмитрий Попко Анталия (Түркия) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады baq.kz.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 743-сатыда тұрған испаниялық Макс Алкала Гурримен бас жүлде үшін таласты.

Дмитрий Попко бірінші сетте 6:4 есебімен басым түсті. Екінші партияда да сол қарқынын жоғалтқан жоқ – 7:5. Осылайша, ол Анталия додасында үздік шықты.