Дүниежүзілік шахмат ойындарында қазақстандықтар үздік атанды

0
527

Оңтүстік америкалықтармен болған кездесуде Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева және Ксения Балабаева ойынды жеңіспен аяқтаса, Назерке Нұрғали жарыста жеңіліс тапты.


Дүниежүзілік шахмат ойындарында қазақстандықтар үздік атанды

ERNUR.KZ. Үндістанда өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан ерлер құрамасы үшінші ойында қарасыластарын шаң қаптырды, деп жазады Vesti.kz.

Қазақстандық шахматшылар турнирдің үшінші айналымында Ливан командасынан (4:0) басым түссе, кейін Марокколық шахматшыларды (2,5-1,5) ұтты.

Алғашқы кездесуде Ринат Жұмабев, сондай-ақ Әлішер Сүлейменов, Арыстанбек Оразаев және Қазыбек Нөгербек жеңіске жетті.

Африкадан келген шахматшылармен ойында қазақстандық шахматшылар Нөгербек пен Оразаев жеңімпаз атанды. Жұмағалиев ойынды тең аяқтап, Қажығалиев қарсыласына есе жіберді.

Әйелдер құрамасына келсек, қыздар үшінші айналымда Перу құрамасын (3-1) ұтып, Моңғолиялық шахматшылармен (2-2) ұпай бөлісті.

Оңтүстік америкалықтармен болған кездесуде Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева және Ксения Балабаева ойынды жеңіспен аяқтаса, Назерке Нұрғали жарыста жеңіліс тапты.