Дзюдодан ел біріншілігі басталды

0
873

2006-2007 жылы туған жасөспірім дзюдошылар ел біріншілігіндегі жүлдені сарапқа салады.


Дзюдодан ел біріншілігі басталды

ERNUR.KZ. Дзюдодан жасөспірімлер арасында ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп жазады baq.kz.

Елордада 2006-2007 жылы туған жасөспірім дзюдошылар ел біріншілігіндегі жүлдені сарапқа салады.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан додаға еліміздің барлық өңірі мен үш қаласынан 800-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев спорт саласына ерекше назар аударып, барлық жағдайды жасап жатыр. Тек олимпиадалық спорт емес, ұлттық спорт жалпы барлық спорт түріне ерекше көңіл бөлуде. Дзюдо спорты да елімізде қарқынды дамып жатыр. Әлемдік деңгейде көк туымызды көкке көтеріп жүрген спортшыларымыз да жеткілікті. Бүгінгі жарысқа қатысушылардың арасынан Асхат Жіткеев,Елдос Сметов сияқты ел мақтаныштары шығатынына сенемін,- деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев

Сондай-ақ, ашылу салтанында Астана дзюдо федерациясының атынан парадзюдодан әлем чемпионы Ақмарал Науатбектің бапкері Марат Омаровқа арнайы алғыс хат пен ақшалай сыйлық табысталды.

Жарыс 17 ақпанға дейін жалғасады. Айта кету керек аталған ел чемпионатының нәтижесінде 2023 жылы ел намысын Азия және әлем чемпионаттарында қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.