Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

0
1 232

Бішкекте өтіп жатқан Құрлықтық біріншіліктің финалында ел құрамасы Оңтүстік Кореяға 4:2 есебімен жол берді.


Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

ERNUR.KZ. Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының командалық сынында күміс жүлдеге ие болды, деп жазады 24.kz.

Бішкекте өтіп жатқан Құрлықтық біріншіліктің финалында ел құрамасы Оңтүстік Кореяға 4:2 есебімен жол берді. Жансай Смағұлов пен Зере Бектасқызы командаға ұпай алып келсе, Севара Нишанбаева, Ислам Бозбаев, Камила Берліқаш және Ерасыл Қажыбаев қарсыластарын жеңе алмады.

Осылайша Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатын жекелей сында 1 күміс, 2 қола, командалық сайысты күміс жүлдемен аяқтады.