Дзюдошылар Бүкіләлемдік жазғы Универсиадасына толық құраммен қатысады

0
877

Екі жыл сайын ұйымдастырылатын бүкіләлемдік универсиада ойындарында дзюдошылар 4-7 шілдеде өзара мықтыны анықтайды.


Дзюдошылар Бүкіләлемдік жазғы Универсиадасына толық құраммен қатысады

ERNUR.KZ. 3-14 шілде күндері Италияның Неопаль қаласында ХХХ Бүкіләлемдік Жазғы Универсиадасы өтеді, деп жазады Qsport.kz.

Екі жыл сайын ұйымдастырылатын бүкіләлемдік универсиада ойындарында дзюдошылар 4-7 шілдеде өзара мықтыны анықтайды. Испания жерінде ерлер -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде бақ сынаса, қыздар -52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг және +70 келіден жоғары салмақта белдеседі.

Дзюдодан Қазақстан құрамасы жазғы универсиада ойындарына толық құраммен қатысады. Ерлер құрамасында Дамир Бекесов (-66 кг), Айдарбек Тоқтарбек (-90 кг), Ғалымжан Қырықбай (+90 кг), Барыс Қуан (-73 кг), Арқабай Барақ (-81 кг) татамиге шықса, Салтанат Сұлтанбекова (-52 кг), Иоланта Бердыбекова (-63 кг), Ақерке Рамазанова (+70 кг), Жанар Қашқын (-70 кг), Ақмарал Ерназар (-57 кг) сынды бұрымды балуандар қыздар құрама сапында ел намысын қорғайды.