Екі боксшымыз Таиландтан жүлдемен оралды

0
651

Боксшыларымыздың бірі күміс, ал екіншісі қол жүлде иегері атанды.


Екі боксшымыз Таиландтан жүлдемен оралды

ERNUR.KZ. Тайландтың Бангкок қаласында бокстан «Король кубогі» халықаралық турнирі мәресіне жетті деп жазады Olympic.kz.

Қазақстан боксшылары жарыстан екі жүлдемен оралды. 52 келіде жұдырықтасқан Евгений Павлов финалда қытайлық қарсыласына жол беріп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді.

60 келіде ел намысын қорғаған Әділет Құрметов жартылай финалда Моңғолия өкілінен ұтылып, қола жүлдегер атанды.