Экс чемпион "Канелоға" Биволдан аулақ жүруге кеңес берді

0
432

Бұл "Канело" үшін нашар шешім - Чед Доусон.


Экс чемпион

ERNUR.KZ. Әлемнің бұрынғы чемпионы Чед Доусон мексикалық Сауль "Канело" Альвареске жартылай ауыр дивизионда WBA Super чемпионы Дмитрий Биволмен қарымтаны ұмытуға кеңес берді, деп жазады vesti.kz.

"Бұл "Канело" үшін нашар шешім, өйткені Бивол - тумасынан жартылай ауыр дивизионның боксшысы, ал Альварес жоғары салмаққа өтіп жүр. Меніңше, Бивол күштірек және мықты, сондықтан "Канелоның" соққылары оған батпайды.

Мен Бивол ірілігі арқасында жеңеді деп ойладым. Ал ол боксшы ретінде де мықты. "Канелоға" Биволдан аулақ жүру керек. Екінші орта дивизионда болса, басқа әңгіме. Ол салмақта "Канело" жақсырақ жұдырықтаса алады, дегенмен, ол Биволға жоламағаны дұрыс", - дейді Доусон.