Елдос Сметов әлем чемпионатының ширек финалында жеңілді

0
631


Елдос Сметов әлем чемпионатының ширек финалында жеңілді

ERNUR.KZ. Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық Елдос Сметов жеңіліп қалды, деп жазады vesti.kz.

Ширек финалдағы тартысты кездесуде Сметов тайпейлік Янг Вэйден ұтылды. Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталғанымен, «алтын ұпайға» жалғасқан қосымша уақытта қарсылас ұпай алып кетті.

Осылайша, Сметов жеңіліске ұшырады. Ол Янг Вэй финалға шыққан жағдайда, жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алады.