Елена Рыбакина Брисбендегі турнирдің ширек финалына шықты

0
669

Жартылай финалға шығу үшін Рыбакина ресейлік теннисшілер Вероника Кудерметова мен Анастасия Потапова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды


Елена Рыбакина Брисбендегі турнирдің ширек финалына шықты

ERNUR.KZ. Елена Рыбакина Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда бельгиялық Элисе Мертенсті 58 минутта жеңді. Бірінші ойында қазақстандық ойыншы қарсыласына бір ғана гейм берсе (6:1), екіншісінде оны толық ұтты – 6:0. Осымен теннисшілер бесінші рет бетпе-бет кездесіп отыр, оның төртеуінде Рыбакина жеңіске жетті.
Жартылай финалға шығу үшін Рыбакина ресейлік теннисшілер Вероника Кудерметова мен Анастасия Потапова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Австралиядағы әйелдер турнирі 7 қаңтарда аяқталады.