Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде тарихи жеңіске қол жеткізді

0
935

Ойын үш сетке жалғасып, қазақстандық теннисші 6:0, 6:7(4:7), 7:6(7:2) есебімен жеңіске жетті.


Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде тарихи жеңіске қол жеткізді

ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канкунда (Мексика) өтіп жатқан WTA қорытынды турниріндегі екінші ойында грек спортшысы Мария Саккариді жеңді. Бұл оның осы жарыстағы алғашқы тарихи жеңісі, деп жазады vesti.kz.

Ойын үш сетке жалғасып, қазақстандық теннисші 6:0, 6:7(4:7), 7:6(7:2) есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакина келесі ойынын 3 қараша күні әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы өткізеді. Жеңіске жеткені жартылай финалға берілетін жолдаманың біріне ие болады.

Айта кетейік, Рыбакина жарыстағы бірінші ойында америкалық Джессика Пегулаға жол беріп алған еді.