Елеусінов пандемия аяқталған соң әлемнің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді

0
659

17 сәуірде АҚШ-та өтуі керек болған кездесу пандемияға байланысты кейінге қалдырылған.


Елеусінов пандемия аяқталған соң әлемнің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді

ERNUR.KZ. Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгомен жекпе-жек өткізеді, деп жазады tengrinews.kz.

Cпорт порталының мәліметінше, кездесу 17 сәуірде АҚШ-та өтуі керек болған, алайда пандемияға байланысты кездесу кейінге қалдырылған.

"Құдай қаласа бұл жекпе-жек алдағы уақытта өтеді...Бүкіл әлемді шулатқан пандемия Алланың қалауымен өтіп кетсе осы жекпе-жекке дайындаламыз... This fight will take place. Let it all be over.Be safe ...” , - деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.