Еліміз IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын үш алтын медальмен аяқтады

0
601

Жарыстың соңғы күні палуандар қазақша күрестен алты салмақ дәрежесі бойынша чемпиондарды анықтады.


Еліміз IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын үш алтын медальмен аяқтады

ERNUR.KZ. Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Ойындардың соңғы күнінің кешкі сессиясында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты, деп жазады zakon.kz.

Жарыстың соңғы күні палуандар қазақша күрестен алты салмақ дәрежесі бойынша чемпиондарды анықтады. Бұл жарысқа әлемнің 19 елінен 60-тан астам палуан келді, оның ішінде 19-ы – қыз бала.

Алты бірдей жерлесіміз жеңімпаз атанды. Марат Нығматуллаев (60 келі) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы "алтынды" салса, оның жолын Зарина Сарипова (65 келі) жалғады.

Еламан Қойшыбаев (80 келі) пен Рауза Нұрмұхамметова (55 келі) күміс медаль еншіледі. "Қазақстан Барысы" – Мақсат Исағабылов (+80 келі) пен Мөлдір Азамат (+65 келі) қола жүлдегер атанды.