Эльмир Алимжанов Ташкенттегі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

0
682

Қос қола жүлдені де Қазақстан құрамасының өкілдері жеңіп алды.


Эльмир Алимжанов Ташкенттегі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогі кезеңінде (сателлит) қазақстандық Эльмир Алимжанов топ жарды деп жазады Olympic.kz.

Алимжанов шпагадан ерлер арасындағы бәсекеде қарсылас шыдатқан жоқ. Финалда ол өзбекстандық Хасан Баудуновты жеңді. Ал қос қола жүлдені де Қазақстан құрамасының өкілдері жеңіп алды.

Иван Дерябин мен Дмитрий Адайкин қола жүлдегерлер қатарында.