Елордада «Ахмат Қазақстан» жекпе-жек клубы ашылды

0
873

Спорт клубы аз қамтылған отбасы балаларына жеңілдік ұсынады.


Елордада «Ахмат Қазақстан» жекпе-жек клубы ашылды

ERNUR.KZ. Елімізде әлемдік аралас жекпе-жек лигасында өнер көрсететін команданың тағы бір өкілдігі пайда болды, деп жазады 24.kz.

Спорт клубында ММА, дзюдо, бокс, кикбоксинг, еркін күрес және грэпплингпен айналысуға болады. Клубтың салтанатты ашылу рәсіміне АСА әлемдік лигасының вице-президенті Асланбек Бадаев, Шешенстан президентінің спорт саласы жөніндегі кеңесшісі Лечи Курбанов және ММА бойынша әлем чемпионы Хермес Франса қатысып, шеберліктерімен бөлісті.

"Біз клубты әдейі қала орталығынан алыс жерден ашып отырмыз. Мұндағы мақсатымыз - осындағы жастардың жат қылықтан ада болып, спортқа бет бұруына жол ашу. Ал аз қамтылған отбасы балаларына жеңілдік ұсынамыз. Егер баланың бойынан талант көріп, еңбектенуге деген ынта-жігер байқасақ тегін қатысуына мүмкіндік береміз" - деп жазады «Ахмат Қазақстан» жекпе-жек клубының жетекшісі Сұлтан Ичиев.