Елордада ұлттық ат спорты түрлерінің кезекті маусымы ашылды

0
713

Жарыстың жүлде қоры 12 миллион теңге.


Елордада ұлттық ат спорты түрлерінің кезекті маусымы ашылды

ERNUR.KZ. Жарыс аясында тұңғыш рет Көкпар федерациясының кубогы ойнатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүбірлі дода бүгін қала іргесіндегі Қазанат атшабарында басталды.

Байрақты бәскеге барлық өңірінен 13 команда келген. Тақымы мықты шабандоздар топтық ойында іріктеледі. Ал финалдық тартыс 5 шілдеге жоспарланған. Жарыстың жүлде қоры 12 миллион теңге. Турнирді өткізуге ұлттық спортқа жанашыр жомарт азаматтар демеу болған.

Айта кету керек, ойынды тамашалуға келгендер алаңға "Ashyq" қосымшасы арқылы кіргізіледі.

- Осы жарыстың соңында біздің жұлдыздарымыздың, өнер өкілдерінің «Өнер көкпары» дейтін сайысы болады. Елге белгілі есімі таныс азаматтар осы көкпардың алаңында шаңын шығарып, додаға түседі. Бұл мына шілде айында 2-4-і арасында өтеді. Сондай-ақ 5 шілде күні бәйгенің жеті түрінен осы жерде республикалық турнир өтеді. Қазақстанның ең үздік дүлділдері мен жүйріктері бас қосып, кіл жүйрікте кім жүйрікті анықтайтын болады, - дейі ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай.