Эльжана Таниева Мәскеудегі халықаралық турнирде үздік үштікке енді

0
434

Халықаралық бәсеке Ирина Винер-Усманова атындағы көркем гимнастика сарайында өтті.


Эльжана Таниева Мәскеудегі халықаралық турнирде үздік үштікке енді

ERNUR.KZ. Мәскеуде өткен көркем гимнастикадан халықаралық Olympico Cup 2021 турнирінде қазақстандық Эльжана Таниева үшінші орын иеленді, деп жазады Olympic.kz.

Халықаралық бәсеке Ирина Винер-Усманова атындағы көркем гимнастика сарайында өтті. Көпсайыс қорытындысы бойынша Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Дина Аверина жеңіске жетті. Екінші орынды оның сыңары Арина Аверина иеленді.

Ал қазақстандық Эльжана Таниева үшінші орынға табан тіреді. Бұл қазіргі таңда Мәскеудегі Винер академиясында жаттығатын Эльжананың тырнақалды табыстарының бірі.

Айта кетелік, Қазақстан командасының бас бапкері Әлия Юсупованың бастамасымен отандық екі гимнаст Эльжана Таниева мен Сабина Бакатова Ресейдегі Ирина Винер-Усманова академиясында жаттығуда.