Еркебұлан Сейдахметті жақтырмаған еуропалық бапкер жұмыссыз қалды

0
708

Ол футболшы мен команда келісімшартын үзуге себепші болған.


Еркебұлан Сейдахметті жақтырмаған еуропалық бапкер жұмыссыз қалды

ERNUR.KZ. 56 жастағы болгариялық бапкер Петар Хубчев 2019 жылдан жаттықтырып келе жатқан софиялық "Левски" клубынан кетеді, деп жазады Vesti.kz.

Бапкер Болгария төтенше жағдайды алып тастауды жоспарлап отырған 13 мамырда отставкаға кетеді деп күтілуде. Хубчев командадан қаржылық қиындықтар мен басшылықтағы ауыс-түйіске байланысты кетеді.



Айта кетейік, 2019 жылы Хубчев "Уфадан" жалға алған Еркебұлан Сейдахметпен "Левский" арасындағы келісімшартты үзуге себепші болған еді. Жарақат салдарынан жартылай қорғаушы Болгарияның қол жүлдегері атанған команда үшін тек үш матч қана ойнады.

Сол жылы жазда Сейдахмет "Уфадан" алматылық "Қайрат" сапына өтті. Transfermarkt мәліметінше, трансфер құны 300 мың еуро болды, ал келісімшарт 2022 жылға дейін. Содан бері футболшы алматылық команда үшін15 матчте бір гол салып, екі ассист жасады.

Ал 2018 жылдан ойнай бастаған Қазақстан құрамасы үшін алты матчте екі гол соққан.