Есмигуль Куюлова дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогінің чемпионы атанды

0
366

Аталған байрақты бәсекеде қазақстандық бұрымды балуандар бір алтын, бір күмс және бір қола медальға қол жеткізді.


Есмигуль Куюлова дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогінің чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Дзюдодан Қазақстан жастар қыздар құрама командасы Еуропа кубогінен үш медаль жеңіп алды, деп жазады olympic.kz.

Испанияның Малага қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Аталған байрақты бәсекеде қазақстандық бұрымды балуандар бір алтын, бір күмс және бір қола медальға қол жеткізді.

Атап айқанда 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Есмигуль Куюлова қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ал 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Карина Такиева күміс медальмен күптелсе, Аида Тойшыбекова қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетерлігі, аталған бәсекеге 29 елден 320 татами шебері қатысты.