EURO 2024: Испания құрамасы Грузияны ойсырата жеңді

0
1 167

Бұл күнгі ойындардың арасында А тобындағы Испания құрамасының сырт алаңда Грузияны 7:1 есебімен ойсырата жеңген ерекше оқиға ретінде болады.


EURO 2024: Испания құрамасы Грузияны ойсырата жеңді

ERNUR.KZ. Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы бесінші турындағы екінші ойын күні аяқталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл күнгі ойындардың арасында А тобындағы Испания құрамасының сырт алаңда Грузияны 7:1 есебімен ойсырата жеңген ерекше оқиға ретінде болады.

Расын айтқанда грузин футболшыларының ойын деңгейі аса жоғары емес.

Десе де, өз алаңында қарсыластарына ірі есеппен жеңілгені сирек кездеседі.

Ойын барысында испаниялық құрамадан Альваро Морато 22, 40, 66-минутта хет-трик жасаса, Дани Ольмо 38, Нико Уильямс 60, Ламин Ямал 74-минутта мергендік танытты.

Ал 38-минутта грузиялық Соломон Кверквелия өзінің қақпасына гол соғып алды.

Алаң иелері қатарынан Георгий Чакветадзе 49-минутта бір ғана голмен жауап қайырды.

Аталған топтағы тағы бір кездесуде Кипр Шотландияға 0:3 есебімен жол берді.

Сондай-ақ, D тобында Хорватия Латвияны 5:0 есебімен жеңсе, Түркия мен Армения 1:1 есебімен тең түсті.

J тобында Португалия сырт алаңда Словакияны 1:0, өз алаңында Люксембург Исландияны 3:1, Босния және Герцоговина Лихтенштейнді 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы сынға түсіп жатқан H тобында бесінші тур ойындары өткізілді.