EURO-2024: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды

0
179

Ел құрамасы С лигасының төртінші тобында сынға түседі.


EURO-2024: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды

ERNUR.KZ. Футболдан әйелдер арасындағы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды, деп жазады inform.kz.

Ел құрамасы С лигасының төртінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Румыния, Болгария және Армения құрамалары.

Ойындар күнтізбесінде 1-2 тур 2024 жылдың 3-9 сәуір күндерінде өткізілсе, 3-4 тур 29 мамыр-4 маусым күндеріне белгіленген.

Ал 5-6 тур ойындары 10-16 шілде аралығында болады.

Құрлықтық дода 2025 жылдың жаз мезгілінде өткізіледі. Онда барлығы 16 құрама сынға түседі.

Еуропа чемпионаты 1984 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қазірге дейін Германия - 8 Норвегия - 2, Швеция, Англия, Нидерланд - 1 мәртеден чемпион атанды.

Еске салсақ, футболдан Қазақстан құрамасының Грекиямен кездесуіне кімдер қатысатыны белгілі болды.