Euro 2024: Қазақстан құрамасы тобында жаңа көшбасшылар анықталды

0
1 737

Алғашқы екі орынға ие болған құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысына тікелей жолдама алады.


Euro 2024: Қазақстан құрамасы тобында жаңа көшбасшылар анықталды

ERNUR.KZ. Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы сынға түсіп жатқан H тобында алтыншы турдан кейінгі турнир кестесі белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған топта Дания сырт алаңда Финляндияны 1:0 есебімен тізе бүктірсе, Словения Сан-Маринодан 4:0 есебімен басым түсті.

Ал Қазақстан бұл турда Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен сүріндірген. Солай, 12 ұпаймен екінші орынға көтерілген болатын.

Нәтижесінде қазір турнир кестесі келесідей: Дания - 13 ұпай, Словения - 13 ұпай, Финляндия - 12 ұпай, Қазақстан - 12 ұпай, Исландия - 3 ұпай, Сан-Марино - 0 ұпай.

Алда төрт тур ойындары қалды. Енді құрамалар қазан және қараша айларында шеберлік байқасады.

Алғашқы екі орынға ие болған құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысына тікелей жолдама алады.