FIFA рейтингісі: Қазақстан құрамасы жүздіктен шығып қалды

0
424

Бұған дейін Магомед Адиев жаттықтыратын құрама 100-орында болған еді.


FIFA рейтингісі: Қазақстан құрамасы жүздіктен шығып қалды

ERNUR.KZ. Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) рейтингісін жаңартты. Аталған рейтингіде Қазақстан құрамасы бұрынғы орнынан 3 саты төмен сырғыды, деп жазады inform.kz.

Бұған дейін Магомед Адиев жаттықтыратын құрама 100-орында болған еді. Ал Қырғызстан құрамасы 3 саты жоғарылап, Қазақстанмен орын алмасты.

FIFA жаңартылған рейтингісі:

1 (1). Аргентина – 1858
2 (2). Франция – 1840.59
3 (4). Бельгия – 1795.23
4 (3). Англия – 1794.9
5 (5). Бразилия – 1788.65
6 (7). Португалия – 1748.11
7 (6). Нидерланд – 1742.29
8 (8). Испания – 1727.5
9 (9). Италия – 1724.6
10 (10). Хорватия – 1721.07
25 (25). Австрия – 1554.86
40 (35). Түркия – 1495.94
47 (46). Норвегия – 1467.51
50 (49). Грекия – 1457.89
57 (55). Словения – 1427.84
64 (66). Өзбекстан – 1386.58
87 (85). Люксембург – 1277.94
99 (99). Тәжікстан – 1216.76
100 (104). Қырғызстан – 1213.6
103 (100). ҚАЗАҚСТАН – 1203.64
143 (141). Түрікменстан – 1072.52
210. (210). Сан-Марино – 742.05.