Фируза Шәріпова әлем чемпионы атағын жеңіп алды

0
1 568

Үш салмақ категориясында әлем чемпионы Фируза Шәріпова ресейлік Юлия Чернобородованы жеңіп, жаңа титулды еншіледі.


Фируза Шәріпова әлем чемпионы атағын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Фируза Шәріпова мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, М13 нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды, деп жазады baq.kz.

Үш салмақ категориясында әлем чемпионы Фируза Шәріпова ресейлік Юлия Чернобородованы жеңіп, жаңа титулды еншіледі.

Олардың жекпе-жегі 3 сәуірде Казань қаласының Basket hall аренасында М13 компаниясының ұйымдастыруымен өтті.

Жекпе-жек бастала салысымен Фируза өз қарсыласынан белсендірек болып, нық соққылар жасады. Сонымен қатар ол көпсоққылы комбинацияларды жүзеге асырды. Юлия да дес бермей, алаңда көп қималдауға тырысты. Дегенмен төртінші айналым кезіндегі бауыр тұсынан алған соққысы салдарынан нокдаунға түсті.

Төреші жекпе-жекті төртінші айналымның 1 минут 10 секундында тоқтатты. Нәтижесінде Фируза Шәріпова жартылай орташа салмақ дәрежесінде М13 нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын иеленді.

Бұл салмақ категориясында Фирузада IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы белдігі бар.

Айта кетейік, бұл спортшының мансабындағы 13-жеңіс.