Флойд Мейвезердің кейінге шегерілген жекпе-жегі қашан өтетіні айтылды

0
364

Флойд Мейвезердің кейінге шегерілген жекпе-жегі қашан өтетіні айтылды.


Флойд Мейвезердің кейінге шегерілген жекпе-жегі қашан өтетіні айтылды

ERNUR.KZ. Бес салмақ бойынша әлемнің чемпионы болған америкалық Флойд Мейвезер мен Дон Мур арасындағы шоу 21 мамыр күні Дубай (БАӘ) өтеді. Бұл туралы Мейвезер Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады vesti.kz.

Бұл кездесу 14 мамыр күні өтуі керек еді. Бірақ БАӘ президенті Халиф ибн Зайд Аль Нахаянның қайтыс болуына байланысты кейінге шегерілді.

Еске салайық, Мейвезер негізі карьерасын аяқтап кеткен. Ол қазіргі уақытта осындай шоуларда ғана өнер көрсетеді. Соңғы мәрте ол шоу айқасты 2017 жылы Конор МакГрегорға қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Жалпы ол өз карьерасында 50 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Ал Мур болса соңғы кездесуін 2016 жылы өткізген. Бас-аяғы ол 18 кездесуде жеңіске жетсе, бір рет тең түскен.