​Франция – Аргентина: кім жеңіске жетеді?

0
1 465

1/8 финал кездесулерін Франция мен Аргентина құрама командалары бастап береді.


​Франция – Аргентина: кім жеңіске жетеді?

ERNUR.KZ. Бүгін Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының плей-офф бәсекелері басталады.

Осы күнге дейін біз топтық кезеңнің матчтарын тамашалап, бірнеше сенсацияларға куә болдық. Әлем чемпионы Германия сәтсіз ойын көрсетіп, үйлеріне ерте қайтты. Сонымен қатар, Сенегал құрама командасы футболда сирек кездесетін оқиға - сары карточкаға байланысты турнирден шығып кетті.

1/8 финал кездесулерін Франция мен Аргентина құрама командалары бастап береді. Лионель Мессидің отандастары топтық кезеңнен әрең шыққанын өте жақсы білесіз. Месси Нигерия қақпасына осы мундиалдағы қазірше жалғыз болып тұрған голын соқты. Бірақ, матчта Рохо командасын жеңіске жетелей алмағанда, оның голы керексіз болып қалатын еді. Осы орайда бір сұрақ туындайды. Месси өзінің карьерасындағы соңғы Әлем чемпионатында (оның 2022 жылы Катарға баруы анық емес) алтын медальмен оралады ма екен? Плей-оффта бәлкім оңтүстікамерикалықтардың жолы болып, қарсыластарынан басым түсер. Өткен ойындарда Хорхе Сампаоли тактика барысында қателіктерге жол бергені туралы әріптестеріміз жазған болатын. Тіпті оны 3-тур алдынан лауазымынан босатуы мүмкін деген пікірлерде айтылды. Бірақ, Нигерияны жеңгеннен соң Сампаоли еркін тыныс алғаны айдан анық.

Енді Франция құрама командасының ойындарына қысқаша назар. Дидье Дешам шәкірттері Австралияға қарсы шабуылдар көп ұйымдастырған еді. 2 голды да соқты. Бірақ, кейін француздардың ойыны артқа кеткендей болды. Перу қақпасына бар-жоғы бір доп оны Килиан Мбаппе соқты. Ал, Даниямен өткен ойын Әлем чемпионатындағы жалғыз 0:0 болған матч болды.

Қос құрама команда осы күнге дейін 4 рет кездескен. Барлық ойын аргентиналықтардың жеңісімен аяқталған.

1930 жылы. ӘЧ. Аргентина – Франция – 1:0

1978 жылы. ӘЧ. Аргентина – Франция – 2:1

2007 жылы. ЖК. Франция – Аргентина – 0:1

2009 жылы. ЖК. Франция – Аргентина – 0:2

Демек, Астана уақытымен 20:00 де «Қазан Аренада» өтетін матчқа ирандық Алиреза Фаргани төрешілік жасайды.