​Франция – Бельгия. Кім жеңеді?

0
1 395

Бүгін футболдан Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финал бәсекелері басталады.


​Франция – Бельгия. Кім жеңеді?

ERNUR.KZ. Бүгін футболдан Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финал бәсекелері басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Франция мен Бельгия арасындағы матч Санкт-Петербург қаласында өтеді. Екі команда да Әлем чемпионатын өте қарқынды бастады. Құрамында өте мықты футболшылары бар командалардың ойынын тамашалаған жанкүйерлер жеңеді деп ойлаймыз.

Неге десеңіз, жас футболшылары бар команда тең жеңіске тырысады. Бельгия құрама командасының Бразилия мен өткен матчын мысал ретінде айтсақ болады. Бұл ойын ұзақ уақыт жанкүйерлердің есінен шықпайтыны белгілі. Жылдам шабуылдар, бір бірінен тамаша голдар.

Айтулы екі команданың өзара ойындарының тарихына назар салатын болсақ, 1938 жылы мундиалда кездесіп, франциялықтар 3:1 есебімен жеңіске жеткен екен. Кейін 1956 жылы Әлем чемпионатында тағы бельгиялықтардың жолы болмаған. 1986 жылдан бері Франция мен Бельгия бір-бірімен ресми матчтарда кездеспеген. Тек жолдастық ойындарда ғана алаңға шыққан. Ресейдегі чемпионаттың жартылай финалындағы ең мықты жұпта осы екі құрама команда болып отыр.

Бельгия футболшылары 4 жыл бұрын да мундиалда өте жақсы ойын көрсетті. Бірақ, қазіргі футболшылар Эдин Азар, Ромелу Лукаку, Маруан Фейлланилер жас болды, халықаралық турнирлерде тәжірибиесі аз еді. Міне, енді олар нағыз бабында екенін көрсетіп жатыр. Топтық кезеңде олар 9 гол соқты. Плей-оффта Жапонияға 0:2 есебімен жеңіліп тұрып, жеңісті тартып алуға өздерінде күш бар екенін байқатты.

Ал, Франция құрамында Антуан Гризманн мен Килиан Мбаппе - негізгі футболшылар. Гризманн Уругваймен өткен ойында өз голымен командасының жеңісіне үлес қосты. 19 жастағы Мбаппенің жұлдызды ойынын біз аргентиналықтармен өткен кездесуде көрдік. Жылдам әрекеттерімен атақты қорғаушыларды қиын жағдайға салып, өзі де голдар соқты.

Осы орайда айта кетсек, букмекерлік кеңселерде Франция мен Бельгияның жеңісін тең бағалап отыр. Біздің болжам бойынша, голдар шоуына толы болатын матчта Бельгия финалға жолдама алады.

Толқын Бакирхужаев,

ERNUR.KZ.