Футбол әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан құрамалар анықталды

0
397

9 және 10 желтоқсанда 1/4 финал ойындары өткізілсе, 13 және 14 желтоқсанда жартылай финал болады.


Футбол әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан құрамалар анықталды

ERNUR.KZ. Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алған құрамалар толықтай белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін дүбірлі доданың топтық кезеңі мәресіне жетті. Нәтижесінде 1/8 финалға жеткен 16 құрама белгілі болды. Олардың қатарында Франция, Австралия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Испания, Сенегал, Англия, Жапония, АҚШ, Аргентина, Польша, Марокко, Хорватия, Оңтүстік Корея құрамалары бар.

Жарыстың аталған сатысында аталған құрамалар төмендігіше жұп құрады:

3 желтоқсан

Нидерланд - АҚШ

Аргентина - Австралия

4 желтоқсан

Франция - Польша

Англия - Сенегал

5 желтоқсан

Жапония - Хорватия

Бразилия - Оңтүстік Корея

6 желтоқсан

Марокко - Испания

Португалия - Швейцария

Ал 9 және 10 желтоқсанда 1/4 финал ойындары өткізілсе, 13 және 14 желтоқсанда жартылай финал болады. Ал 3-орын үшін ойын 17 желтоқсанға белгіленсе, финал 18 желтоқсанда өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Уругвай плей-офф сатысына шыға алмады.