Футбол: Әлемдік рейтингте 43-орында тұрмыз

0
788

Бұрынғы ТМД аумағындағы елдері арасында біз тек Украина мен Ресейді ғана алға жібердік.


Футбол: Әлемдік рейтингте 43-орында тұрмыз

ERNUR.KZ. Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы (IFFHS) 2019 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық чемпионаттардың рейтингін жариялады, деп жазады egemen.kz.

Бақандай 10 жыл бойы үздік деп танылған Испания Ла Лигасы бұл жолы тұғырдан тайып, үшінші сатыға сырғып түсті. Олардың алдын Англияның Премьер-лигасы мен мен Бразилияның А сериясы басып озды. Сонымен қатар, Италия, Колумбия, Португалия, Франция, Голландия, Аргентина және Германияның ішкі біріншіліктері үздіктер санатына еніп отыр.

Мықтылар тізімінде Қазақстан Премьер-лигасы 43-орында тұр. Бұрынғы ТМД аумағындағы елдері арасында біз тек Украина (25-орын) мен Ресейді (26-орын) ғана алға жібердік. Азия мемлекеттері арасында алтыншы сатыға тұрақтадық. Алдымызда – Оңтүстік Корея (30-орын), Египет (31-орын), Сауд Арабиясы (32-орын), Жапония (37-орын) және Қытай (39-орын). Ал Еуропа құрлығы бойынша 26-орынға табан тіредік.