Футболдан Қазақстан премьер лигасының 4 - тур матчтары өтті

0
1 223

Осылайша, Шымкент командасы қатарынан 4 - рет жеңіске жетіп, турнир кестесінде "Астана"мен бірге көш бастап келеді.


 Футболдан Қазақстан премьер лигасының 4 - тур матчтары өтті

ERNUR.KZ. Шымкенттің "Ордабасы" командасы өз алаңында "Ақтөбе"ні қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Георгий Дерменджиевтің шәкірттері ойын басынан шабуыл ұйымдастырып 13 - минутта есепті ашты.

Гол Темірлан Ерлановтың атына азылды. Араға 4 минут салып Тимур Досмағанбетов ақтөбеліктер қақпашысын қапы қалдырды - 2:0. Қонақтар үзіліс алдында бір голдың қарымтасын қайтарды.

Хрвое Миличевич гол авторы. 66 - минутта өзбекстандық Иван Нагаев есепті 3:1-ге жеткізді. Осылайша, Шымкент командасы қатарынан 4 - рет жеңіске жетіп, турнир кестесінде "Астана"мен бірге көш бастап келеді.

Турдың өзге нәтижелерімен таныстырамыз: "Шахтер" - "Қызыл Жар" - 2:1, "Тобыл" - "Атырау" - 3:2, "Ертіс" - "Астана" - 1:6, "Жетісу" - "Қайсар" - 1:0, "Қайрат" - "Ақжайық" - 3:0.