Футболдан Еуропа чемпионаты: Ширек финалға шыққан алғашқы құрама анықталды

0
460

В тобында ойнайтын Қазақстан бірінші турда Словениямен 4:4 тең түсті.


Футболдан Еуропа чемпионаты: Ширек финалға шыққан алғашқы құрама анықталды

ERNUR.KZ. Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысында 1/4 финалға жолдама алған алғашқы құрама белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Мұндай мүмкіндікке Португалия құрамасы қол жеткізді. Португалдық футзалшылар бүгін Нидерланды құрамасын 4.1 еесбімен тізе бүктірді. Алғашқы турда олар Сербиядан 4:2 есебімен басым түскен еді. Осылайша алты ұпайды қалтаға басқан португалиялық құрама жарыстың келесі сатысына берілген жолдаманы ертерек қалтаға салып қойды.

Сондай-ақ, Украина Сербияны 6:1 есебімен тізе бүктірген еді.

Енді тағы бір жолдама Нидерланды және Украина құрамалары арасында шешіледі. 28 қаңтарда Украина Португалиямен кездессе, Нидерланды мен Сербия шеберлік байқасады.

Еске салсақ, В тобында ойнайтын Қазақстан бірінші турда Словениямен 4:4, Италия мен Финляндия 3:3 есебімен тең түсті.

Енді екінші турда 24 қаңтарда Италия мен Словения, Қазақстан мен Финляндия алаңға шығады.

Айта кетсек, турнир Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында 19 қаңтар және 6 ақпан күндері өткізіледі.