Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды

0
1 578

Топтық кезеңде барлығы 32 команда сегіз топқа төрт-төрттен бөлінген.


Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды

ERNUR.KZ. Футболдан UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Топтық кезеңде барлығы 32 команда сегіз топқа төрт-төрттен бөлінген. Әрбір топтан үздік шыққан екі команда жарыстың 1/8 финалына жолдама алады.

A тобы: «Вест Хэм» (Англия), «Олимпиакос» (Грекия), «Фрайбург» (Германия), «Бачка Топола» (Сербия);

B тобы: «Аякс» (Нидерланд), «Марсель» (Франция), «Брайтон» (Англия), АЕК (Грекия);

C тобы: «Рейнджерс» (Шотландия), «Бетис» (Испания), «Спарта» (Чехия), «Арис» (Кипр);

D тобы: «Аталанта» (Италия), «Спортинг» (Португалия), «Штурм» (Австрия), «Ракув» (Польша);

E тобы: «Ливерпуль» (Англия), ЛАСК (Австрия), «Юнион» (Бельгия), «Тулуза» (Франция);

F тобы: «Вильярреал» (Испания), «Ренн» (Франция), «Маккаби Хайфа» (Израиль), «Панатинаикос» (Грекия);

G тобы: «Рома» (Италия), «Славия» (Чехия), «Шериф» (Молдавия), «Серветт» (Швейцария);

H тобы: «Байер» (Германия), «Карабах» (Әзербайжан), «Мольде» (Норвегия), «Хеккен» (Швеция).

Топтық кезең 21 қыркүйекте басталып, 14 желтоқсанда мәресіне жетеді.

Ал плей-офф 2024 жылдың 15-22 ақпаны, 1/8 финал 7-14 наурыз күндері болса, 1/4 финал - 11-18 cәуір, жартылай финал 2-9 мамыр күндеріне белгіленген.

Финал 2024 жылдың мамыр айында Ирландияның Дублин қаласындағы «Авива» стадионында өткізіледі.