Футболдан Қазақстан чемпионы 36 жасында көз жұмды

0
857

Ол екі рет Олимпиадаға қатысқан.


Футболдан Қазақстан чемпионы 36 жасында көз жұмды

ERNUR.KZ. Нигерия құрамасы мен "МЖСШМ-Қайрат" клубының бұрынғы ойыншысы Ифеани Чиджине 36 жасында көз жұмды, деп жазады vesti.kz.

Нигерияның футбол қауымдастығы твиттер желісі арқылы футболшының отбасына көңіл айтты. BBC ақпаратынша, созылмалы дерт өлімге себеп болған.

Карьерасында Чиджине әлем чемпионаттарында үш рет ойнады (1999, 2003 және 2007), ал 2000 және 2008 жылдары Олимпиада ойындарына қатысты. 1999 жылы 16 жасында ол әлем чемпионатының ең жас қатысушысы болды. Құрама үшін 68 матчта форвард 16 гол салған.

Клубтық деңгейде Чиджине, Нигериядан тыс америкалық "Индиана", финляндиялық "КМФ Куопио" мен "ПК-35 Вантаа", ресейлік "Звезда-2005" және қазақстандық "МЖСШМ-Қайрат" сапында ойнаған.

2012 жылы Чиджине алматылық командамен бірге ел чемпионы болды, ал 2013 жылы Чемпиондар лигасының "Арсеналға" (1:7, 1:11) қарсы матчтерге қатысқан.