Футболдан Қазақстан құрамасы Дания астанасына жетті

0
833

Бүгін ұлттық құрамалар ашық жаттығуға қатысып, баспасөз мәслихаты кезінде журналистер сұрақтарына жауап береді.


Футболдан Қазақстан құрамасы Дания астанасына жетті

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойынын өткізу үшін Дания астанасы Копенгагенге келді, деп жазады vesti.kz.

Қазанның 14-нен 15-не қараған түні отандастарымыз Дания құрамасына қарсы кездесу өткізеді. Ойын 38 065 жанкүйерге арналған "Паркен" стадионында өтеді.

Бүгін ұлттық құрамалар ашық жаттығуға қатысып, баспасөз мәслихаты кезінде журналистер сұрақтарына жауап береді.

Айта кетейік, екі құрама арасындағы топтағы бірінші ойында отандастарымыз 0:2 есебімен жеңіліп тұрып, камбэк жасаған еді. Нәтижесінде 3:2 есебімен ұтып, 3 ұпай еншілеген болатын.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 12 ұпай бар, топта 4-орында келеді. Словения мен Данияда 13 ұпай болса, финдер де 12 ұпай еншілеген.