Футболдан Ұлттар лигасында Англия мен Германия тең түсті

0
380

Алтыншы турдың соңғы ойын күні 27 қыркүйек күні өткізіледі.


Футболдан Ұлттар лигасында Англия мен Германия тең түсті

ERNUR.KZ. Футболдан UEFA Ұлттар лигасы алтыншы турының екінші ойын күні аяқталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған ойын күніндегі негізгі ойынның бірі Англия мен Германия құрамалары арасында өтті.

Ағылшындар биыл аталған турнирді сәтсіз өткізді. Бір тур бұрын А дивизионынан түсіп қалды. Ал Германия соңғы ойындарда жақсы ойын өрнегін көрсетіп келе жатқан еді.

Кездесуде құрамалар 3:3 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Аталған топтағы тағы бір кездесуде Италия сырт алаңда Венгрияны 2:0 есебімен жеңді.

Аталған турдағы екінші ойын күні нәтижесі төмендегіше:

А дивизионы. Үшінші топ: Англия - Германия 3:3, Венгрия - Италия 0:2

В дивизионы. Үшінші топ. Черногория - Финляндия 0:2, Румыния - Босния және Герцоговина 4:1

С дивизионы. Төртінші топ. Гибралтар - Грузия 1:2, Солтүстік Македония - Болгария 0:1

D дивизионы. Екінші топ. Сан-Марино - Эстония 0:4

Енді алтыншы турдың соңғы ойын күні 27 қыркүйек күні өткізіледі.